Тікелей эфир

Алматыда бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру тегін болады

Жоба 2024 жылы жүзеге асырыла бастайды.

Алматы қаласында бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру тегін болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Президентке есеп беру барысында айтты.

Әкімнің айтуынша, 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталмақ. Осы кезеңде екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі.

Ал, жобаның екінші кезеңі 2025-2026 жылдары жүзеге асады. Жоспар бойынша, ұзындығы 26 км болатын бірінші LRT желісі іске қосылады.Ол желі батыс жақтан қала орталығына барады. Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жер үсті метрополитенін қосады. Жалпы, LRT көлік дәліздерінің санын 10-ға жеткізу жоспарланған.


"Көлік желісін дамыту трафикті тиімді басқаруға арналған құралдардың болуын болжайды. 2025 жылы қалалық магистральдар, қоғамдық көлік және "ақылды" бағдаршамдар біріктірілетін зияткерлік жүйені іске қосу жоспарлануда", – қала әкімі Ерболат Досаев. 


Оқи отырыңыз: Күзде Алматыда қоғамдық көлік ақысы қымбаттауы мүмкін


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары