Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев биыл күзде қаладағы қоғамдық көлікте жүру ақысын өсіру жоспарланып отырғанын айтты.
"Қаладағы тариф саясатын өзгерту керек. Бізде 2012 жылдан бері жолаушы тасымалдау тарифі – 80 теңге. 12 жылдан бері өзгермеген. Әлемде автобусқа мінуге, сосын метроға, троллейбусқа және тағы басқасына көшуге болатынын көріп отырмыз. Қазір бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз, қыркүйекке дейін бітіреміз деп үміттенемін", – деді Ерболат Досаев.
Ол былтыр қалаға 550 автобус сатып алынғанын, биыл тағы 600 автобус сатып алынатынын айтты. Оған қоса жеке тасымалдаушылар 540 автобус сатып алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда қар барысы бейнеленген мурал қалпына келді
USD:
457.9 / 460.7
EUR:
535.5 / 540.5
RUB:
5.95 / 6.07