Алматыда бір бөлмелі пәтерге 109 адамды заңсыз тіркеген тұрғын сот үкімімен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.
Тексеру барысында пәтер иесінің бір бөлмелі баспанаға 109 адамды тіркеп, ол үшін қаржылай сыйақы алып келгені анықталған. Алайда тіркелген азаматтардың ешқайсысы аталған мекенжайда іс жүзінде тұрмаған.
"Құқық қорғау органдары бұл әрекетті заңсыз көші-қонды ұйымдастыру деп бағалап, ҚР қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот шешімімен пәтер иесі кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды", – делінген хабарламада.
Прокуратура өкілдері мұндай заңбұзушылықтардың елдегі көші-қон және қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндіретінін атап өтті.
USD:
463.1 / 465.7
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13