Мәслихат депутаттары бұқаралық іс-шаралар кезінде көшелердің мәжбүрлі жабылуына байланысты көлік қозғалысына кедергілер келтірмеу мақсатында кезекті XXII сессияда тиісті шешім қабылдады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дереккөзіне сүйенсек, қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков бүгінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған мамандандырылған орындар - М. Ганди атындағы саябақ, Ш. Уәлиханов атындағы және "Сары-Арқа" кинотеатрының артындағы скверлер. Шерулер үшін Шевченко көшесі бойымен Ш.Уәлиханов атындағы скверден М. Ганди атындағы саябаққа дейін жүруге болады.
Ш.Уәлиханов атындағы скверді жөндегеннен соң көлік құралдарының оқшауланған тұрақтарды жайластыруға, қауіпсіз орындарды, сигналдық бағаналар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін жасауға байланысты Шевченко көшесінің ені азайды. Сонымен қатар бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде Шевченко көшесі бойымен Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі қозғалыс жабылады. Бұл кептелістерге, басқа көшелерге шамадан тыс жүктемелерге, маршруттардың өзгеруіне және қоғамдық көлік кестесінің бұзылуына, жолаушылар мен автокөлік жүргізушілерінің қолайсыздығына әкеледі.
Сонымен қатар қала тұрғындарынан осы скверде митинг өткізбеуге, оның тыныштықты бұзатындығына, сонымен бірге сквердің тарихи келбетіне нұқсан келтіретініне қатысты өтініштер келіп түсті.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мамандандырылған орынды Ш.Уәлиханов атындағы скверден (толымдығы 1 000 адам) Абылай хан даңғылындағы А. Иманов атындағы скверге (толымдығы 500 адам) ауыстыру туралы ұсыныс түсті, мұнда көшелерді жабудың қажеті болмайды және жақын жерде тұрғын үйлер жоқ.
Қаланың мамандандырылған орындарын бұрын белгіленген қамтуды сақтау мақсатында "Сары-Арқа" кинотеатрының артындағы сквердің толымдылығы 500-ден 1000 адамға дейін өзгертілді.
Сонымен қатар санкцияланған шерулер немесе демонстрациялар өткізу бағыты өзгертілді. Жаңа бағыт Жамбыл көшесімен Гагарин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін өтеді. Шевченко көшесіндегі бұрынғы бағыт көлік ағындарына кедергі келтірді, өйткені ол Сейфуллин, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары, Желтоқсан, Наурызбай батыр көшелері сияқты қаланың магистральдық артерияларын кесіп өтті.
Жамбыл көшесіндегі жүктеме азаяды, Гагарин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейінгі аралықта екі жолақ қарастырылған, сонымен қатар магистральдық көшелермен қиылыстар жоқ.
Депутаттар бұл өзгерістерді көпшілік дауыспен қолдады. Атап айтқанда, Қазақстан халықтық партиясы Алматы қалалық флиалының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов митингілер үшін жаңа орын қосымша қолайсыздықтар туғызбайтынын, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне белгілі бір жаңалық енгізетінін атап өтті.
"Шеру өткізу бағыттарын өзгертуді қолдаймын, өйткені бұрын белгіленген бағыт қаланың магистральды көшелерімен қиылысып, қала тұрғындары үшін қолайсыздықтар мен көптеген проблемалар туғызды. "Сары-Арқа" кинотеатрының артындағы сквердегі орынның толымдығы 1 000 адамға дейін ұлғайтылғаны қуантады. Біз 500 адамға арналған митинг өткіздік, онда 1 000 адам жайлы орналасады деп ойлаймын", - деді Нұрсұлтан Шоқанов.