Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Алматы мәслихаты балалар құқығына қатысты маңызды шешім қабылдады.

Мәслихаттың кезектен тыс XLI сессиясында депутаттар "Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы" шешімге толықтырулар енгізу мәселесін қарады, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Сессия барысында қала құрылымында жаңа бөлімше — Балалардың құқығын қорғау басқармасын құру туралы ұсыныс мақұлданды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігі басшысының тапсырмасына, сондай-ақ Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданып отыр. Аталған өзгерістер өңірлік деңгейде балалардың құқығын қорғаумен айналысатын арнаулы орган құруды көздейді.

Мәселе бойынша сөз сөйлеген Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, жеке басқарманың құрылуы балаларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіруге және мемлекеттік органдар арасындағы өзара үйлестіруді тиімді жолға қоюға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл бастама халық саны көп әрі әлеуметтік инфрақұрылымы күрделі мегаполис саналатын Алматы үшін ерекше маңызға ие.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары