USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыда автотұрақ ақысын төлемеген 497 мыңнан астам дерек тіркелді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алматыда жүргізушілер нөмір жасырып, айыппұлдан қашып жүр.

2025 жылы Алматы қаласында ақылы автотұрақ қызметін пайдаланғанымен, төлем жасамаған 497 394 жағдай анықталды. Олардың басым бөлігі сұраныс жоғары ашық автотұрақ аймақтарында тіркелген. Бұл туралы Informburo.kz сайтының сауалына қалалық жол және жолаушылар көлігі басқармасынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 4-1-бөлігі бойынша нұсқама берілген. Аталған бапқа сәйкес айыппұл мөлшері – 1 АЕК, яғни 2026 жылы 4325 теңгені құрайды.

Ереже бұзғандарды арнайы камералармен жабдықталған мобильді көліктер анықтайды. Ақылы тұрақтарды басқарушы Алматы Паркинг компаниясы мұндай 15 көлікті пайдаланып отыр.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, кейбір жүргізушілер төлемнен жалтару үшін көлік нөмірлерін әдейі жасырады. Мұндай заңбұзушылықтар күн сайын тіркеледі. Дегенмен, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікке тек құқық қорғау органдары ғана тарта алады.

"Сонымен қатар алдағы бір ай ішінде қаладағы төрт ауданда жаңа ақылы автотұрақ аймақтарын іске қосу жоспарланып отыр. Ал тұрғындарға арналған жеңілдетілген абонементтерді қайта енгізу мәселесі әлі де қаралу үстінде", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз