Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол қозғалысы сызбасы өзгерді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Жолақ ауыстыруға шектеу қойылды.

Алматыда әл-Фараби даңғылының Esentai Mall сауда ойын-сауық орталығы маңындағы бөлігінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы өзгерді. Жаңа тәртіп көлік қозғалысын реттеп, жол қауіпсіздігін арттыру үшін енгізілді.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, бұған дейін сауда орталығынан шыққан көліктер бірден көршілес жолақтарға ауыса алатын. Соның салдарынан бірнеше жүргізуші қатар маневр жасап, сол жақ шеткі жолаққа ұмтылатын. Бұл көлік қозғалысының баяулауына әкелген. Енді солтүстік бағытта Үшкемпіров көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта қозғалыс сызбасы реттелді.

Сауда орталығынан шыққан көліктердің бірден басқа жолақтарға ауысуына шектеу қойылып, учаскеде тұтас жолақ сызықтары сызылды. Басқарма жаңа тәртіп бірнеше көліктің бір уақытта маневр жасауын азайтып, көлік ағынын жолақтарға біркелкі бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қала әкімдігі жүргізушілерден қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруді сұрады. Сондай-ақ жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтап, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін басшылыққа алу қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау