Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде қозғалыс жөндеуге байланысты ішінара шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жөндеу жұмыстары жолды толық жаппай, бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

"24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары жолды толық жаппай, бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады. Жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Фото: Алматы әкімдігі

 

Еске саламыз, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат Telegram желісіндегі @AlmatyJoly арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" сервистерінде жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау