Тікелей эфир

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі жабылады

25 шілдедегі сағат 22.00-ден 26 шілдедегі сағат 08.00-ге дейін көлік қозғалысы жабылады.

Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде Абай даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

25 шілдедегі сағат 22.00-ден 26 шілдедегі сағат 08.00-ге дейін Алматының Әуезов ауданындағы Абай даңғылы бойында, Алтынсарин көшесінен "Сарыарқа" метро станциясына (Family саябағы) дейінгі ауқымда, батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады. Шығыс бағытта көлік қозғалысы ашық болады.

"Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары