Алматы тұрғындары үшін 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты жалпыұлттық референдум жөнінде ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Call-орталық азаматтарды референдум туралы жан-жақты ақпараттандыруға және дауыс беру үдерісіне тартуға бағытталған. 1308 қысқа нөміріне хабарласу арқылы тұрғындар өздерінің референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін тексеріп, дауыс беру учаскесінің нөмірі мен мекенжайын нақтылай алады.
Қоңырау барысында операторлар азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне, дауыс беру тәртібіне және референдум күні учаскелердің жұмыс уақытына қатысты заңнамалық талаптарды түсіндіреді.
Call-орталық күн сайын, демалыссыз және үзіліссіз, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін, дауыс беру аяқталғанға дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты Алматы қаласының әкімдігінің open-almaty.kz ресми сайтынан және @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы алуға болады. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.
Еске сала кетейік, республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Алматы қаласында барлығы 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17