Тікелей эфир

Алматыда 356 тұрғынды кене шағып, бір адам энцефалитпен ауырды

Өткен маусыммен салыстырғанда, кене шаққандар саны бір жарым есеге азайған.

Алматыда кене маусымы басталғалы 356 адамды, оның ішінде 187 баланы жәндік шағып алған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

"Осы уақыт ішінде кене энцефалитімен ауырған бір оқиға тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, зардап шеккендердің жалпы саны бір жарым есеге азайды. Зардап шеккендерге кенеге қарсы екпе салынып, жедел көмек көрсетілді",– делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Қалада сәуір айынан бастап орман және қалалық саябақтар, скверлер аумағында кенеге қарсы жұмыстар жүргізілді. Іс-шаралар басталар алдында міндетті түрде ақпараттық белгілер қойылып, тұрғындарға ескертіледі. 

Кене шаққан кезде Алматы бойынша орталық қалалық клиникалық аурухана, № 4, № 7 және жедел жәрдем ауруханалары мен балалардың жедел қызмет көрсету медициналық орталығы базасында екпе алуға болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары