Тікелей эфир

Алматыда 35 млрд теңгеге көтерме-тарату орталықтары салынады

Орталық 2023 жылы пайдалануға беріледі.

Алматыда көтерме-тарату орталықтары құрылады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек мәлімдеді. 

"2021 жылдың қараша айында Алматы индустриялық аймағының маңында 17 гектар алаңда "Ұлттық сауда-тарату желісі" ЖШС тарату орталығының құрылысын бастау жоспарланған. 2023 жылы пайдалануға беріледі. Жеке инвестор жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырады. КТО-ның бұл жобасы бүкіл ел бойынша 24 көтерме-тарату орталықтарынан тұратын ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жобаның құрамдас бөлігі болып табылады", – деп хабарлады Дамир Тазабек.

Жоба аясында инвестиция сомасы 35 млрд теңгені құрады. Бұл суармалы жерлерде өсірілетін өнім көлемін ұлғайтуды қоса алғанда, жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің өсуінің негізгі факторы болады деп күтілуде. Осы орайда, азық-түлікті сақтаудың, сатудың және бөлудің жаңа технологиясы құрылатын болады. Көтерме сауда орталықтары өнімді сақтау мен өңдеуден бастап тарату мен сатуға дейін мамандандырылған қызметтерді ұсынады.

Дамир Тазабектің айтуынша, бүгінде бас мердігермен бірге жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтті.

Еске салсақ, сауда үстемесінің мөлшерін арттырған ірі бизнес субъектілері 300 АЕК көлемінде айыппұл төлейтіні туралы хабарлаған едік. Ішкі сауда субъектісінің сауда үстемесінің мөлшерін арттыру фактілері анықталған жағдайда ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап әрекет жасаған жағдайда шағын бизнес субъектілері үшін – 10 АЕК, орта бизнес үшін – 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары