Алматыда 29 жастағы қыз жетінші қабаттың балконынан құлап, қаза болды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Тергеу қыздың нақты қандай себептен қаза тапқанын ресми түрде хабарлаған жоқ.

Алматыдағы Молдағұлова көшесінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.  

Алдын ала таралған ақпарат бойынша 29 жастағы қыз жетінші қабаттың балконынан құлап, қаза болған.

Марқұмның денесін үйдің шетінде жатқан жерінен тұрғындар тауып алған. Қазір оқиға орнына полиция мен тергеу тобы жеткен. Олар аумақты қоршап, зерттеп жатыр. 

"29 жастағы қыздың қазасына байланысты Алматы қаласы Алматы ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары