Алматыда 27-30 наурызда Жамақаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Алматыда жол жөндеу жұмыстары басталады.

Алматы қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жамақаев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 27 наурыз сағат 23:00-ден 30 наурыз сағат 06:00-ге дейін Нұрлыбаев көшесінен Иванилов тұйығына дейінгі аралық толықтай жабылады. Осы кезеңде аталған учаскеде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынады.

"Жүргізушілерге балама бағыт ретінде Нұрлыбаев көшесі, Иванилов көшесі және Иванилов тұйығы арқылы айналып өту ұсынылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орналастырылады", – делінген хабарламада.

Қала билігі тұрғындар мен жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Айта кетейік, қозғалысқа қатысты барлық өзекті ақпарат Telegram желісіндегі @AlmatyJoly арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карты сервистерінде жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз