Алматыда 26 наурыздан бастап Жароков көшесінде жөндеу басталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматыда инфрақұрылым жаңарып жатыр.

Алматы қаласының Бостандық ауданында жол жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.

Атап айтқанда, Жароков көшесінің Қожанов көшесінен Дунаевский көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын төсеу жоспарланған.

Басқарманың мәліметінше, бұл жұмыстарды НКО ЖШС жүргізеді. Жолды қалпына келтіру жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін кепілдік міндеттемелер аясында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, аталған аумақта бұған дейін "ТК 4-2-ден "Алмагүл-Южный" сорғы станциясына дейінгі жылу желілерін қайта жаңарту" жобасы іске асырылған. Соның нәтижесінде 1984 жылдан бері пайдаланылып келген жылу магистралінің ресурсы жаңартылып, жылу шығыны мен апат қаупі азайтылды.

Жол жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 26 наурыз бен 5 сәуір аралығында жүргізіледі.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша жол шектеулеріне түсіністікпен қарау сұралады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз