Алматыда 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сабыр сақтауды ескертті.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар қызметі 25 ақпанда сағат 11:00–де "Көктем-2026" республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесін техникалық тексеруден өткізеді.

Тексеру кезінде "Барлығыңыздың назарыңызға!" дабыл сигналы бойынша қала аумағындағы сиреналар қысқа уақытқа қосылады. Сонымен қатар сынақ хабарламасын тарату үшін теле және радиоарналарды уақытша тоқтату жүйесі іске қосылады.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сабыр сақтап, дыбыстық сигналды естіген кезде теледидар немесе радиоқабылдағышты қосу, ресми интернет-ресурстар мен мобильді қолданбалардағы ақпаратпен танысып, ұсынылған нұсқауларға мұқият бағыну керегін ескертті.

Департаменттің мәліметінше, "Барлығыңыздың назарыңызға!" сигналы төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін беріледі.

Айта кетейік, 25–26 ақпанда қаланың әр ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз