Алматыда 2025 жылы автотұрақтардың бағасы айтарлықтай өседі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Әкімнің айтуынша, бұл барлық ірі қалалар секілді көліктерді шектеу үшін қажет.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде автотұрақтардың бағасы өсетінін айтты. 

Оның айтуынша, экология мәселесін жақсарту үшін 2025-2027 жылдарға арналған бағдарлама әзірленген. Ол бойынша бірнеше қалада іс-шаралар қабылданады.

"Биыл жазғы уақыттан бастап автотұрақтардың бағасы айтарлықтай көтеріледі. Бұл барлық ірі қалалар секілді көліктерді шектеу үшін қажет. Одан бөлек қаланы ауаны ластайтын шығындылар аз болуы тиіс аймақтарға бөлеміз. Біз жобаны әзірлеп қойдық, енді қоғамдық кеңестің, мәслихаттың талқылауына шығарамыз. Ең бастысы — қоғамдық көлікті дамыту. Метроның шығыс және батыс бағыттағы ұзарту, ЛРТ құрылысы және тағы басқа жұмыстар бар", – деді қала басшысы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз