Алматыда Efes Art Space аясында өткізілген жобалардың қорытындысы шығарылып, үздік көрмелердің авторларына түрлі марапат табысталды. 2024 жылы жоба Әбілхан Қастеев атындағы ұлттық музеймен серіктестік орнатып, суретшілер өз туындыларын Алматыдағы Орталық көрме залында ұсынуға мүмкіндік алған болатын.
2024 жылы 25 суретші 7 көрме ұйымдастырса, оларды 5 мыңнан астам адам тамашалаған. Одан бөлек, Алматы тұрғындары үшін 50-ден астам шеберлік сағаттары мен дәрістер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, жобаның географиялық ауқымы да кеңейіп, суретші Гүлбарам Асқарованың көрмесі Қарағандыдағы фестиваль аясында ұсынылса, Маша Дубоделова TEDx Astana жобасына қатысты. Одан бөлек, Айтуар Әмірханов, Айнұр Малаева және Гүлбарам Асқарова Ыстанбұлдағы Jumbaq-aitys көрмесінде өз туындыларын ұсынды.
Іріктеу нәтижесінде үздік үштікке келесі өнер иелері енді:
- І орын: Майя Колосова ("Тарихы бар сызықтар" жобасы);
- ІІ орын: Шолпан Махмудова, Таисия Шайдарова, Анастасия Жарко ("Ертең кеше болады" жобасы);
- ІІІ орын: Айдана Құлахметова, Ксения Казейкина ("Сезімтал адам" жобасы); Дарья Канапова ("Старгейзер 256" жобасы).
Сондай-ақ, өзге қатысушылар да жекелеген номинацияларда үздік шығып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
USD:
459.5 / 462.3
EUR:
537.5 / 542.5
RUB:
5.99 / 6.11