Тікелей эфир

Алматыда 20-дан астам адамды алдаған алаяқ ұсталды

Суреттегі күдіктіге алданған азаматтар келесі нөмір бойынша хабарласа алады: +7 705 555 7763; +7 775 747 7778.

Алматыда 20-дан астам адамды алдап кеткен алаяқ Таразда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Алмалы аудандық полиция басқармасына 20-дан астам жәбірленуші алаяқтық туралы арызбен жүгінген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ю. есімді азамат инвестициялық компанияға салым салуды сылтау етіп, қомақты қаржы жинаған. Ақшаны алғаннан кейін ол белгісіз бағытта жысырынған. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “клиенттерден” қашып, Тараз қаласына барған 30 жастағы Ресей Федерациясының тумасы ұсталды. Қазір қызметкерлермен алаяқтықтың 30 дерегі дәлелденді. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.


Оқи отырыңыз: Телефон алаяқтары көбейді. Оларды қалай анықтауға болады?


Жедел қызметкерлер алданған адамдардың бұдан да көп екеніне сенімді. Осы орайда, полиция департаменті жәбірленушілерден келесі нөмірлер бойынша хабарласуды сұрады: +7 705 555 7763; +7 775 747 7778. Күдіктінің суретін сілтеме арқылы өтіп көруге болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары