14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Канье Уэстің концертіне байланысты қала орталығында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, 32 автобус пен троллейбус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді.
Қалалық жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, 14 тамыз сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін:
- Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
- Байтұрсынов көшесінде – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Шектеу кезінде 26 автобус және 6 троллейбус, барлығы 32 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерістер мына бағыттарға қатысты:
- Автобустар: №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211 және 224.
- Троллейбустар: №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19 және ТП25.
Бұл бағыттар жөндеу аймағын айналып өтетін уақытша қозғалыс схемасы бойынша қатынайды.
Қала әкімдігі тұрғындардан сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы уақытша өзгерістер мен жол жүру уақытының ұзаруы мүмкін екенін ескеруді сұрады.