ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында Алматы қаласына World Craft City – әлемдік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды. Бұл шешімді World Crafts Council Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі қабылдады.
Фестивальге Қазақстан, Азия, Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінен 100-ден астам шебер қатысып, Орталық Азияның қолөнер саласындағы ең айтулы оқиғаға айналды.
"Алматыға World Craft City мәртебесінің берілуі – қаламыз үшін маңызды жетістік. Ол Алматының креативті индустрия мен мәдени туризм орталығы тұрғысындағы халықаралық беделін нығайтады. Сонымен қатар, біздегі қолөнерді жаһанға танытуға, білім беру бағдарламаларын, халықаралық шеберлік резиденцияларын дамытуға және қолөнердің қала экономикасына интеграцияланған тұрақты экожүйесін қалыптастыруға жол ашады", – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.
Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағының президенті Jude van der Merwe өз сөзінде Алматының бұл мәртебеге лайық екенін атап өтті.
"Алматыға World Craft City мәртебесінің берілуін – оның қолөнерді дамыту мен халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қосқан үлесін мойындау деп түсінуге болады. Мұнда шеберлерге жақсы қолдау көрсетіледі, салт-дәстүрді сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге барынша жағдай жасалған. Бұл – Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің миссиясына толық сәйкес келеді", – деді ол.
Фестивальдің есте қаларлық сәтінің бірі – шара аясында әлемдік рекорд орнатылды. Еліміздің алып күш иесі, төрт дүркін әлем рекордшысы және Гиннес рекордтар кітабында аты жазылған Сергей Цырульников ерекше шоу көрсетіп, Global Book of Records-қа жаңа әлемдік рекорд енгізді.
Ол небары 54 секунд ішінде тоғыз темір тағаны майыстырды. Бұл алдыңғы үш тағаның формасын өзгерткен америкалық азаматтың рекордынан үш есе күшті көрсеткіш. Фестиваль қонақтарының рухын көтерген бұл жетістік Алматыны әлемдік деңгейдегі рекордтар сахнасына айналдырды.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.49 / 6.61
