Бүгін, 16 ақпаннан бастап 18 ақпанға дейін Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларының көшелерінде әскери техника қозғалады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, техникалардың қозғалысы Қорғаныс министрінің Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерінің жоспарлы тексеруіне байланысты ұйымдастырылып отыр.
"16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника қозғалады. Осыған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енуі мүмкін", – делінген ведомство хабарламасында.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын байбаламға түспеуге, жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13