Алматыда 2026 жылғы 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл туралы қаланың Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Мәлімет бойынша, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны наурыз айында жоспарлы түрде өтеді.
"2025 жылы көктемгі және күзгі шақыру кезеңдерінде мемлекеттік жалпы наряд 3 520 адамды құраса, іс жүзінде 3 547 азамат әскер қатарына аттанған. Осылайша жоспар 100,6 пайызға орындалды. Шақырылғандардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жіберілген. Сонымен қатар алматылық жастар Мемлекеттік күзет қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жатыр", – делінген хабарламада.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу барысы тұрақты бақылауда болып, мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылып келеді.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13