USD: 469.9 / 472.9
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматы облысының Кеген ауданында әлеуметтік осал жандарға 8 бағытта көмек көрсетіліп жатыр

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Фото ЖИ көмегімен жасалды
Жыл басынан бері ерекше қажеттіліктері бар азаматтардан барлығы 356 өтініш қабылданып, оның 281-і толықтай қанағаттандырылды.

Алматы облысы Кеген аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Бибігүл Оразова 2026 жылдың алғашқы 6 айында атқарылған істерді қорытындылап, негізгі бағыттарға тоқталып өтті.

Ардагерлер мен әлеуметтік санаттағы азаматтарды қолдау

Жарты жылдың ішінде аудандағы түрлі санаттағы азаматтарға мақсатты қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда:

  • балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мақсатында ерекше қажеттіліктері бар балалары бар 14 отбасына 484 мың теңге әлеуметтік көмек төленді;
  • туберкулез індетімен ауыратын 3 азаматқа 242 мың теңге көлемінде ай сайынғы жәрдемақы берілді;
  • Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде ТМД шекарасын қорғау жөніндегі міндеттерін орындаған 7 ардагерге 1 млн 514 мың теңге, ал Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 6 адамға 1 млн 298 мың теңге төленді;
  • 30 тыл ардагеріне 1 млн 946 мың теңге, қайтыс болған соғыс ардагерінің 1 жұбайына 65 мың теңге және жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 3 азаматқа 649 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек үлестірілді.

Үйден әлеуметтік көмек көрсету және мобильді қызметтер

Ауданда жалғызбасты қарттар мен ерекше жандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бүгінде бөлімшенің 17 әлеуметтік қызметкері ерекше қажеттіліктері бар 26 азаматқа, 59 жалғызбасты қартқа және 7 ерекше балаға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетуде. Спикердің айтуынша, бұл қызметтер тек тамақ немесе дәрі-дәрмек жеткізумен шектелмейді.

"Біздің қызметкерлер мұқтаж жандарға 8 түрлі бағытта, атап айтқанда әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық, құқықтық, еңбек және педагогикалық тұрғыдан кешенді көмек көрсетеді. Әрбір жалғызбасты қарт, ересек және баланың тағдыры біздің тұрақты назарымызда", – деді Бибігүл Оразова.

Сонымен қатар, жүріп-тұруы қиын, бөгде адамның көмегін қажет ететін 1-топтағы 3 азамат жеке көмекшінің қызметін, ал есту-сөйлеу қабілеті шектелген 8 азамат ымдау тілі маманының көмегін пайдаланды. Ауданда мұндай жандардың еркін қозғалысы үшін 2 инватакси автокөлігі қызмет көрсетеді. 6 айдың ішінде инватаксиге 1678 тапсырыс түсіп, оның барлығы мүлтіксіз орындалды. Бұл көлікті 1-топтағы 9 ерекше азамат пен 21 бала тұрақты пайдаланып келеді.


Оқи отырыңыз: Көлсай, Қайыңды, Мұзтау және Хан Тәңірі. Кеген ауданы туризмді қалай дамытып отыр?


Оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы 

Ерекше қажеттіліктері бар жандарды оңалтудың жеке бағдарламалары бойынша алғашқы жарты жылдықта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Есепті кезеңде аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар азаматтардан жалпы саны 356 өтініш түсіп, оның 281-і толықтай орындалды. Қазіргі уақытта кезекте 70 азамат (76 құрал бойынша) тұр. Жалпы оңалту бағдарламаларының орындалу көрсеткіші 79 пайызды құрады.

Әрбір бағыт бойынша көрсеткіштер келесідей:

  • міндетті гигиеналық құралдар: Азаматтардан 124 өтініш түсіп, оның барлығы 100% орындалды. 124 адам тиісті құралдарын алды, кезекте тұрғандар жоқ;
  • тифлотехникалық құралдар (көру қабілеті бұзылған жандарға арналған): Түскен 35 өтініштің барлығы толығымен қанағаттандырылып, орындалу деңгейі 100 пайызды көрсетті;
  • сурдотехникалық құралдар (есту-сөйлеу қабілеті шектелген жандарға арналған): Барлығы 19 өтініш қабылданып, 19-ы да толық көлемде жеткізілді. Орындалу көрсеткіші – 100%;
  • арнайы жүріп-тұру құралдары (арбалар мен тетіктер): Қозғалысы шектелген жандардан 6 өтініш түсіп, 6 құрал да үздіксіз берілді. Бұл бағыт та 100% орындалды;
  • протездік-ортопедиялық көмек: Осы бағытта 65 өтініш тіркеліп, 50 азамат қажетті құралдарын алды. Қазіргі уақытта 10 адам (16 құрал) кезекте тұр. Орындалу деңгейі – 77%;
  • санаторийлік-курорттық ем алу: Денсаулықты қалпына келтіру бойынша 107 өтініш түскен. Оның ішінде 47 азамат жолдамамен қамтамасыз етілсе, 60 адам қазіргі уақытта кезекте тұр. Орындалу көрсеткіші – 44%.

"Жалпы қорытынды бойынша, есепті кезеңде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардан барлығы 356 өтініш қабылданып, оның 281-і толықтай қанағаттандырылды. Қазіргі таңда кезекте жалпы саны 76 құрал (70 адам) тұр. Аудан бойынша оңалту бағдарламаларының жалпы орындалу көрсеткіші 79 пайызды құрады. Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз жұмысын бұдан былай да халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ерекше жандарды оңалтуға, жалғызбасты қарттарға қамқорлық жасауға және барлық әлеуметтік бағдарламаларды сапалы орындауға бағыттайды. Әрбір азамат мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс", – деді мекеме басшысы Бибігүл Оразова.


Оқи отырыңыз: "Ауылда да Астанадағыдай тұрғымыз келеді". Экс-спортшы Нұрбақыт Теңізбаев қалай "Хит әкім" атанды?


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау