Тікелей эфир

Алматы облысында жасөспірім оқ жарақатын алды: полиция тергеу жұмыстарын бастады

Баланың денесінен табылған оқ пневматикалық мылтықтан атуға арналған.

Тәртіп сақшылары Алматы облысында жасөспірімнің оқ жарақатын тексеруге кірісті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Оқтың мән-жайын анықтау үшін Іле аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне оқ пневматикалық қарудан атуға арналғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Полиция барлық қажетті сараптамаларды тағайындады. Тергеу жалғасып жатыр.


Оқи отырыңыз: Әскерден келген сарбазды аспанға оқ атып қарсы алған туыстары қамауға алынды


Бір күн бұрын 16 сәуірде облыстық балалар клиникалық ауруханасына 2011 жылы туған науқастың кеуде тұсынан оқ тиген деген күдікпен түскені белгілі болды. Оқ атылған кезде бала үйінің жанындағы көл жағасында ойнап жүрген. Баланың өмірі аман қалды.

Серіктестер жаңалықтары