USD: 486.7 / 489.3
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматы облысында полицейдің өртенген мәйіті табылды

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Марқұмның жұбайы мен ұлы күдікке ілінді.

Алматы облысының Кеген ауданында ер адамның жанып кеткен мәйіті табылып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Тергеу барысында қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның хабарлауынша, қылмыс Алматы қаласының аумағында жасалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз