Тікелей эфир

Алматы облысында қамыс өрті сөндірілді

Өрттің аумағы әлі анықталуда.

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт сөндірушілер табиғи өртті сөндірді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Балқаш ауданындағы қамыс өсімдіктері мен шөп өрті сөндірілді. Өрттің ауданы анықталуда. Орман шаруашылығы күштері мен жергілікті тұрғындар қарауылдау жүргізуде.

"Су ағызу құрылғысы бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 130 рет жалпы көлемі 390 тонна су төгілді. Сонымен қатар, өртті сөндіру автоцистерналардың, мотопомпалардың, хлопушкалардың, күректердің көмегімен де жүргізілді, желдің бағытын ескере отырып, қарсы қою (күйдіру) әдісі қолданылды", – деп жазылған хабарламада.

Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатты.


Оқи отырыңыз: Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін төрт тәуліктен бері сөндіре алмай жатыр


Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар бекеттерінің күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар, табиғи резерваттың бөлімшелері жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты және су ағызу құрылғысы бар авиациялық тікұшлақ қолданылды.

Серіктестер жаңалықтары