Жамағат шырақшының үйін мешіт меншігіне қайтаруды талап етіп отыр.
Алматы облысы Алмалыбақ мешітінің жамағаты мен бұрынғы имам арасындағы дау басталғалы бір жылдың жүзі болған. Мешіт келушілердің айтуынша, имам шырақшы үйін әйелінің атына жаздырып, жекешелендіріп алған. Бұл туралы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы хабарлады.
"Біз әкімдікке де, мүфтиятқа да жаздық. Тексеру келгенде, имам "он күн ішінде босатып берем деген еді, әлі отыр", – дейді зейнеткер Жармағали Смағұлұлы.
Оқи отырыңыз: Мешіт, мектеп және мүсін
Тұрғындардың сөзінше, үй әуел баста мешіттің меншігі болған. Қолдарында мұрағаттан алған құжаттары да бар. Дегенмен, бұл сөз бұрынғы имам Қуандық Ерназардың уәжімен сәйкес келмейді. Оның түсіндіруінше, дау тудырған 4 сотық жер еш уақыт меншік иелігінде болмаған.
"Мешіттің орны екі учаске болған. Оның бірі жерін мешітке берген де, екіншісі бермеген. Бермеймін дегеннен кейін, оның 4 сотығын мешітке қосып жібердік. Сөйтіп мешіттің 8 сотығына ананың 4 сотығын қосып, 12 сотық болды. Қалған 4 сотық сол күйі қалып қалды. Сөйтіп, сол 12 сотық жерге аудан әкімінің шешімін шығарып алдық. Ал үйдің аумағы мешітке кірмейді", – деді Қуандық Ерназар.
Алматы облыстық мүфтияттың ақпаратына сәйкес, бүгінге дейін мешіт аумағынан тыс тұрған үй мешіт балансында болмаған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-