Тікелей эфир

Алматы облысында ғасыр жасаған кейуана референдумда дауыс берді

Зейнелхан Оспанова – 12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері.

Алматы облысында Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова референдум учаскесіне келіп, өз дауысын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ұрпақтарым аман болсын, жастар жасасын! Қазақстанымыздың жақсы азаматы болып өссін! Қазағымыздың саны көбейе берсін! Жаркентіміз көркейе түссін!" – деді 100 жастағы кейуана.

12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері соңғы 30 жылдағы әр сайлау мен референдумның есінде қалғанын айтады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берген адамға естелік сыйлық табысталды. 

Еске салсақ, сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, республика бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 28,59 пайызы бюллетень алды.


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары