Алматы облысының Нарынқол ауылында мектеп оқушысы ағасының көлігімен алты адамды қағып кетті. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.
15 жастағы жасөспірім Subaru көлігінің рөліне отырып, оны басқара алмай қалып, адамдар өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен. Оқиға салдарынан құқық бұзушымен қатарлас кәмелетке толмаған алты бала зардап шекті. Зардап шеккен бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"Аталған факт аудандық ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", – деп түсіндірді полиция департаментіндегілер.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалар саны 24% көбейді.