Абай облысында болған кейінгі оқиғаларға байланысты Алматы облысы аумағын өртке қарсы қорғауды күшейту мәселесі өткір. Бүгінгі күні облыста мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 13 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді, онда 109 бірлік техника бар, бұл – норманың 85,3 пайызы. Облыстың елдімекендерін толықтай қорғау үшін қосымша кемінде 18 өрт сөндіру техникасын алу қажет. 2019-2022 жылдар аралығында облыста 49 өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 2 өрт сөндіру бекеті салынып жатыр. Сонымен қатар 2023 жылы Кеген ауданы Кеген ауылында жергілікті бюджеттен автокөлікке арналған 2 құрамалы құрылымдардан модульдік өрт сөндіру бекетін салуға 459 млн 838 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
"Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша, 2023-2024 жылдар кезеңінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тағы бір 2 автокөлікке арналған Қарасай ауданы Шамалған станциясында және Талғар ауданы Нұра ауылында 2 өрт сөндіру бекетін салуға жобалық-сметалық құжаттама дайын", – деді әкімдіктегілер.
Әзірлеу сатысында Қонаев қаласында 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 18 өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасын сатып алу жоспарланып жатыр.
"Облыс аумағында 3,2 миллион гектар жер, мемлекеттік орман қорының ерекше қорғалатын аумақтарын алып жатыр, оның 1,6 миллион гектары – ормандар. Табиғи өрт қаупін азайту үшін жергілікті атқарушы күштер мен уәкілетті органдар, халықты хабардар ету және ескерту үшін, жоспарлары мен құралдары, сондай-ақ байланыс схемаларын түзетіп отыр. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында табиғи өрттің алдын алу шараларын жүргізуде. Елді мекенге іргелес 124 аумақта құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қалдықтар тазартылды. Орман өрттерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 81 млн 414 мың теңге бөлінді", – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.