Алматы метросының құрылысы кезінде қаражат жымқырылған: 10 адам сотталды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
127 млн теңге мемлекетке қайтарылды.

ҚР Бас прокуратурасы Алматы метрополитенін салу барысында аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шыққанын мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, "Метрополитен" КМК-ның лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшылары және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып, құрылыс пен жабдықтауға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Алмалы аудандық соты үкімімен коммуналдық кәсіпорын мен мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар келтірілген шығынды ортақ тәртіппен өтеу міндеттелді.

"Кассациялық қарау барысында сот актілерінің заңдылығы қайта тексеріліп, жымқырылған қаражаттың 127 млн теңгесі үшінші заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталған. Прокурордың наразылығы негізінде сот шешімдері өзгертіліп, аталған қаражат мемлекет кірісіне өндірілді", – делінген хабарламада.

Бас прокуратура бұл жағдай мемлекеттік қаржыға қол сұғушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану кезінде барлық қатысушылар заңдылық пен ашықтықты сақтауы тиіс екені ескертілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз