Алматы метросында турникеттерді жаңарту жұмыстары басталды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады.

Алматы метросында турникеттер жаңартылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қызметкерлердің айтуынша, енді жолаушыларға жолақыны төлеу ыңғайлы болады.

Алматы метрополитенінде күзге қарай жолаушылар жолақыны тікелей кіреберісте – Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар банк картасын немесе смартфонды құрылғыға тигізу арқылы төлей алады.

"Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады. Бұл жолаушылардың өту үдерісін едәуір жеделдетіп, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз