Тікелей эфир

Алматы метросы жер сілкінісі салдарынан жұмысын тоқтатты

Мамандар тоннельдерді тексеріп жатыр.

Алматыда болған күшті жер сілкінісіне байланысты метро өз жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі.

Метро мамандары туннельдерді тексере алуы үшін метро жұмысын тоқтатты.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метрополитен мамандары туннельдерді тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінен жұмыс орындарына кіруге рұқсат алғаннан кейін үш сағат ішінде метрополитен жұмысы қайта жанданады. Қосымша ақпарат төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын алғаннан кейін жарияланады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, әзірге метро аймағында қираулар тіркелмеген, бірақ барлық жолаушылар эвакуацияланған.


Оқи отырыңыз: Жедел желі: жер сілкінгенде қайда хабарласуға болады?


 

Серіктестер жаңалықтары