USD: 493.5 / 496.3
  • EUR: 573.0 / 578.0
  • RUB: 6.61 / 6.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматы метрополитені 2027 жыл соңына дейін жаңа 10 электр пойызын сатып алады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазіргі уақытта метрополитенде 15 жылжымалы құрам қатынайды.

Алматы метрополитенін 2026 жылы пайдалануға 4,5 млрд теңге қаражат жоспарланса, оның 1,3 млрд теңгесі қосалқы бөлшектер мен депоның жұмысына қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарына берген жауабында айтылған. 

"Қалған қаражат электрмен жабдықтау, автоматика және байланыс жүйелерінің, эскалаторлар мен жол шаруашылығының іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады. Жеткізушілердің сенімділігіне, жиынтықтаушы бөлшектердің сапасына, сондай-ақ өнеркәсіптік, көліктік және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда", – деді Үкімет басшысы. 

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта метрополитен құрамында 11 станция және 15 электр жылжымалы құрам бар болса, "Метрополитен" компаниясы Пойыздар мен пойыз қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін ауыстыруды және жаңа 10 электрпойыз сатып алуды 2027 жылдың соңына дейін жоспарлап отыр. 

"Бұл жүйе Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген, жалғыз жеткізушінің зияткерлік меншігі болып табылады және үшінші тарап өндірушілерінің өзгерістері енгізілмейді. Метрополитенді одан әрі дамыту және пайдалану процестерінің тұрақтылығын арттыру мақсатында қолданыстағы пойыз қозғалысын басқару жүйесін жаңғырту шаралары қарастырылуда. Аталған шараларды іске асыру әртүрлі өндірушілердің жылжымалы құрамымен техникалық үйлесімділікті қамтамасыз етуге және жалғыз жеткізушіге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді", – делінген үкімет басшысының жауабында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз