"Жетон орнына QR-билет беріледі". Алматы метросында төлем жасау тәсілдері өзгерді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Метрода қағаз билет жүйесі енгізілді.

Алматы метрополитені жетондардан бас тартып, қағаз билеттерге көшетінін хабарлады.

Турникеттердің жаңартылуына байланысты кей станцияларда кезек пайда болған. Жаңа құрылғылар QR-коды бар қағаз билеттерді қабылдайды, сондай-ақ банк карталары, Apple Pay және Samsung Pay арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

"Жетондардан бас тарту бірнеше себепке байланысты. Атап айтқанда, механикалық бөлшектердің жиі істен шығуы, жөндеу қажеттілігі, қосалқы бөлшектердің қымбаттығы және "Оңай" мен Avtobys көлік жүйелерімен QR-код арқылы біріктіру мүмкіндігі бұл шешімге негіз болған", – делінген хабарламада.

Алматы метрополитені турникеттердің жартысынан астамын жаңғыртып үлгергенін хабарлады.

QR-кодты және жетондарды оқу уақыты бірдей. Қазіргі таңда мамандар жабдықтардың жұмысын тұрақты бақылап, туындаған ақауларды жедел түрде түзетіп жатыр. Сондай-ақ қағаз билеттер барлық станцияларда бір реттік сапар үшін қолданылады. Егер жолаушы басқа тәсілмен төлем жасай алмаса, дәл осы билет түрін пайдалана алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз