Тікелей эфир

Алматы мен Нұр-Сұлтанда Pfizer екпесін қайда салдыруға болады

Қазір астанада І және ІІ компонентті 166 мыңнан астам доза бар.

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қазір Pfizer вакцинасы барлық азаматқа вакцинация және ревакцинация үшін қолжетімді, деп хабарлайды астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл үшін елордада америкалық препараттың вакциналары жеткілікті – І және ІІ компонентті 166 мыңнан астам доза. Сондай-ақ, Sinopharm Verocel, Qazvac вакциналары қала тұрғындары үшін қолжетімді. 

"Елордада Pfizer препаратымен вакциналау алғашқы буын медұйымдарында және "Абу Даби Плаза" СОО-дағы вакциналау пунктінде жүргізіледі. Алайда, қалалық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлайды. Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізілетін болады. Ведомство барлық деректі толтыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Инфекционист: Әртүрлі екпе алу ревакцинация әсерін күшейтеді 


Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте, вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі. 

КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады. Егер дозалар арасындағы аралық 3 айдан аспаған болса, алынған ревакцинацияны вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізу кезінде вакцинаның бірінші дозасы ретінде есепке алынады. Мамандар қайта вакцинациялау екі компонентті бірдей қабылдап толық иммунадаудан өтуді қарастырады, ал ревакцинация – біреуін ғана қабылдау деп түсіндіреді.

Мұнымен қатар, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барлық емханада Pfizer барын хабарлады. Алайда хабарласқан бірнеше медициналық ұйым өзінде Pfizer препаратының жоқ екенін айтты. Басқалары бар екенін растағанымен, цифрлық базада уақытша жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты. 


Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық Sinovac вакцинасын қазақстандық екпе ретінде көрсетеді деген қауесетті жоққа шығарды

Серіктестер жаңалықтары