
Рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді.
Бүгін Qatar Airways әуе компаниясының Алматы-Доха бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР ИИДМ.
"Рейстер аптасына 2 рет 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А-320 әуе кемесімен орындалады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы Qatar Airways әуе компаниясының 140-тан астам бағыттар желісін пайдалана алады", – делінген хабарламада.
Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген.
Еске салсақ, FlyArystan әуе компаниясының халықаралық бағыттарға 50%-ға дейін жеңілдік ұсынатыны туралы хабарлаған едік. Жеңілдік билеттері 2022 жылдың 6 наурызына дейін саяхаттауға жарамды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
269
-
0
-
0
-
-
2🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
256
-
0
-
0
-
-
3🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
252
-
0
-
0
-
-
4🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
272
-
0
-
0
-
-
5🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
275
-
0
-
1
-