Тікелей эфир

FlyArystan халықаралық бағыттарға 50%-ға дейін жеңілдік ұсынады 

Жеңілдік билеттері 2022 жылдың 6 наурызына дейін саяхаттауға жарамды.

17-23 қараша аралығында FlyArystan лоукостері билеттерді 50%-ға дейін жеңілдікпен, сонымен қатар жолжүкті 30%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алуды ұсынады.

Қазақстандықтар 2021 жылдың 17 қазаны мен 2022 жылдың 5 наурыз аралығында қолжетімді бағада Дубай, Шарджа, Ыстамбұл, Мәскеу, сонымен бірге Кутаиси, Ташкент, Бішкек, Омск және Новосибирск қалаларына саяхаттай алады. Арзан билеттер FlyArystan мобилдік қосымшасында және FlyArystan.com сайтында қолжетімді.

"Қыс мезгілінде қазақстандық туристтер БАӘ-нің өзара жақын орналасқан Дубай мен Шарджасын таңдайды. Биыл Грузияға барамын деушілер саны күрт өскенін атап кеткен жөн. Саяхатшылар гастротур мен Қара теңізге ғана емес, сонымен бірге Гудаури мен Бакуриани шаңғы курорттарына үлкен қызығушылық танытып жатыр. Ресейдің ірі қалалары мен Түркияға рейстер жыл бойы жоғары сұранысқа ие. Сондықтан біз Ыстамбұлға енді аптасына 3 рет қатынаймыз. Ал Алматы мен Нұр-Султаннан көршілес елдердің астаналары Ташкент пен Бішкекке Түркістан арқылы жайлы сапарларды қуана ұсынамыз", – деп ойымен бөлісті FlyArystan-ның коммерциялық директоры Жанна Шаяхметова.

Желілік жоспарлау директордың пікірінше, осы науқанның арқасында аталған бағыттарда сапарлау мен жүк тасымалдау одан да қолжетімді болады. Ал үнемделген ақшаға демалыс қарсаңында жақындарына сыйлық әкеліп, оған қоса әсерлі естелік жинайды. 

Еске сала кетсек, алғашқы отандық лоукостер 2021 жылдың наурыз айынан бері халықаралық рейстер орындайды. Осылайша, қазіргі кезде FlyArystan жолаушылары 13 халықаралық бағытта сапар шеге алады. Бағдарлар желісіндегі Түркия, Грузия, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанға күзде БАӘ мен Ресей қалалары қосылды.

Билет құны сапар мен салмағы 5 кг-нан аспайтын (мөлшері 56*23*36 см) бір дана қолжүк пен кездейсоқ орынды қамтиды. Жеңілдік БАӘ рейстерінде балаларға арналған 2021 жылдың 31 қазан мен 10 желтоқсан аралығында өтетін науқанмен шектеспейді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары