Бүгін Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,22 теңгеге өсіп, 494,28 теңге болды. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы 490,58 теңгені көрсетеді.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 494,26 теңгеден сатып алынып, 496,43 теңгеден сатылады. Еуро 585,53 – 590,25 теңге аралығында, ал ресей рублі 6,36 – 6,47 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың айырбастау орындарында доллар 491,99 теңгеден сатып алынса, 498,99 теңгеден сатылады. Еуроның сатып алу бағасы – 583,00 теңге, сату – 593,00 теңге. Ресей рублі 6,30 теңгеден сатып алынып, 6,60 теңгеден сатылады.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13