Тікелей эфир

Алматы мен Астанада ипотекаға сұраныс артты

Сарапшылар бұл қалаларда ипотека алуға деген сұраныс тұрақты түрде жоғары екенін атап өтті.

Астана мен Алматыда ипотекаға сұраныс артқан. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша екі қалада ипотека алуға өтініш бергендердің саны 47,2 мыңға жетті, деп хабарлады Бірінші несие бюросының сарапшылары.

Астана мен Алматыдан тыс жерде өтініштер саны, керісінше, аздап азайған. Нәтижесінде жалпы көрсеткіш 1% шегінде 216,2 мың бірлікті құрады. Екі қаланың жалпы сұраныстағы үлесі, тиісінше, 19,5%-дан 21,8%-ға дейін аздап өсті.

"Егер мақұлданған өтінімдердің көрсеткіштеріне қарасаңыз, онда астаналық қалалардың үлесі қазірдің өзінде айтарлықтай жоғары – 46,8% құрайды. Бұл кем дегенде 2019 жылдың басынан бергі ресми максимум, бірақ айтарлықтай өзгерістер болған жоқ: бір тоқсан бұрын Астана мен Алматыда ипотеканы мақұлдау деңгейі әдеттегілдей айтарлықтай жоғары болып қалып отыр – бірінші тоқсанда 71,7% болды. Бұл соңғы үш жылдағы орташа көрсеткішке жақын болды. Ал мақұлданған өтінімдердің жалпы көрсеткіштер 33,4 пайызды құрады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Шымкент жастары" бағдарламасымен пәтер алған мыңдаған отбасы далада қалуы мүмкін


 

Серіктестер жаңалықтары