Қалалық мобильділікті дамыту жобалары аясында Қазақстан жолдарында алғашқы автономды автокөліктер іске қосылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлап отыр.
Тестілеу Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы аумағында жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, логистика саласындағы инновацияларды енгізу тек жол қозғалысын жаңғыртумен шектелмей, цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастыруға жол ашады.
"Ұзақ мерзімде қарастырсақ бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
USD:
463.1 / 465.7
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13