Алматы мен Алматы облысының мыңнан астам абоненті газ желісіне тегін қосылды

Фото: Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығының баспасөз қызметі
Фото: Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығының баспасөз қызметі
Тағы 5 мыңнан астам абонентке 50 және 7 мыңға жуығына 30 пайыздық жеңілдік берілген.

Қазақстан өңірлері арасында газдандыру бойынша Алматы қаласы қаласы көш бастап тұр. Қала тұрғындарының 99,4 пайызы (2 миллионға жуық тұрғын) табиғи газ желісіне қосылған. Ал іргелес жатқан Алматы облысында тұрғындардың тең жартысына жуығы газ игілігін көріп отыр. Санмен сөйлетсек, бұл – миллионға жуық адам. Олардың басым бөлігін табиғи газбен "Алматы облысы газ шаруашылықтарының қауымдастығы" ЗТБ құрамына кіретін компаниялар тобы қамтамасыз етеді.   

Қауымдастық төрағасы Молдияр Нұрбаевтың айтуынша, бірлестікке мүше компаниялардың бәрі әлеуметтік жауапкершілік қағидасын қатаң ұстанады. Қағида аясында абоненттерге ыңғайлы тарифтік саясат бекітілген. Айталық, тұрмысы төмен отбасылар, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иесі атанған көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар газ желісіне жеңілдікке ие бағада қосылады алады. Мұндай жеңілдік жалпы саны 13 мың абонентке берілсе, олардың ішінде мыңнан астамы газ желісіне тегін қосылған. Тағы 5 мыңнан астам абонент 50 және 7 мыңға жуығы 30 пайыздық жеңілдікті пайдаланған.

Компаниялар аталған санаттарға жататын адамдарға келесі жеңілдіктерді ұсынады:

  • ҰОС ардагерлеріне – тегін;
  • "Алтын алқа" иелеріне – 50% жеңілдік;
  • Ауған соғысының ардагерлері, І, ІІ топ мүгедектері, "Күміс алқа" иелеріне – 30% жеңілдік;
  • Кедейлік деңгейінде тұратын азаматтарға – тексеру актісі бойынша 30% жеңілдік. 
Фото: Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығының баспасөз қызметі

Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығының төрағасы Молдияр Нұрбаев бүгінде қауымдастыққа 8 компания мүше екенін айтады. Олардың қатарында газ таратумен айналысатын "Тәуекел-Н-Алғабас" ЖШС, "Тәуекел-газ құбыры" ЖШС және "Жетісу газ құбыры" ЖШС компаниялары бар. Олар Алматының Алатау мен Наурызбай аудандарын және Алматы облысының Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандарын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. 

Айта кетейік, қауымдастық төрағасы Молдияр Қылшықұлының өзі – инженер-механик, Алматы облысында түрлі өндірістік мекемелерде 30 жылдан астам тәжірибе жинаған маман. 1992 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келсе, 2001 жылы "Тәуекел-Т" – "Тәуекел-Н-Алғабас" ЖШС компаниясын құрған. Осы кезге дейін бұл мекеме 100 мыңнан астам тұтынушыны газ желісіне қосса, олардың арасында тұрғын үй және коммерциялық нысандардан бөлек, әлеуметтік ғимараттар да аз емес.

Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығының төрағасы Молдияр Нұрбаев. Фото: Қауымдастықтың баспасөз қызметі

"Тұтынушылардың үдесінен шығу үшін 900-ге жуық маман күнделікті тынымсыз еңбек етеді. Олар 70-тен астам арнайы техника мен қондырғымен жабдықталған. Бәрі де жаңа әрі заманауи жабдықтар. Бұл газдандыру процесін түгел, яғни жобалау мен газ желісін құрудан бастап, табиғи газ тасымалы мен жеткізіліміне дейін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді Молдияр Нұрбаев. – Компаниялардың мамандары қазірге дейін маңызы зор ірі әлеуметтік нысандарды іске қосып, газ тарату стансаларын салумен және жаңғыртумен айналысты. Оның арқасында Алматы қаласы мен Алматы облысының мыңдаған тұтынушылары табиғи газдың игілігін көріп отыр". 

Маңызды атап өтер жайт, Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығы инфрақұрылымды жақсарту жобаларын мемлекет қаржысына не инвестицияға иек артпай, өз қаражаты есебінен іске асырады. Бұл ретте Молдияр Нұрбаев әлі де газ желісіне қосыла алмай отырған тұрғындарды табиғи газбен қамту үшін жұмысты желдете түсу қажет деп есептейді. Оның есебінше, Алматы облысында табиғи газға қол жеткізе алмай отырған жүздеген үй бар. Ал бұған қажетті ресурстар мен жағдай қауымдастық компанияларында бар. Ендігі қажеттісі – уақыт қана. 

Фото: Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығының баспасөз қызметі

Қауымдастық төрағасының түсіндіруінше, компаниялар тобы тариф қалыптастыру саласында тұтынушылардың әлеуметтік жағдайына баса назар аударады. Айталық, табиғи монополиялар субъекті саналатын "Тәуекел-Н-Алғабас" ЖШС тарифті тек ұзақ мерзімге бекітеді. 2021 жылы бекітілген тариф (газдың текше метріне – 42,24 теңге) әлі күнге дейін өзгермеген және 2026 жылға дейін де өзгермейді. Яғни, тариф 5 жылға бір-ақ бекітілген. 

"Біз әлеуметтік осал топтарға жататын, яғни атаулы әлеуметтік көмек алатын тұтынушыларға жеңілдік жасаймыз. Олар үшін 31,29 теңге мөлшерінде әлеуметтік тариф бекітілген. Оған қоса, Алматы облысы бойынша газ шаруашылықтары қауымдастығы бюджетті тұрақты толтырып отырғанын атап өткім келеді. Жыл сайын қауымдастық құрамындағы компаниялар ел қазынасына 228 миллион теңгеден астам салық төлейді", – деп атап өтті Молдияр Нұрбаев. 

Серіктестер жаңалықтары