Түркістан облысында полицейлер әлеуметтік желіге Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлін қалай жұлып, жинап жатқаны туралы видео жариялаған қыздың кім екенін анықтады, деп хабарлайды Otyrar басылымы.
Әлеуметтік желіде жас қыздың Қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлін жұлып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Құқық бұзушы 22 жастағы Ордабасын ауданының тұрғыны болып шықты.
"Осы факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 11 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі полицияда тіркелді. Барлық мән-жайлар анықталуда", – деп хабарлады басылым.
Полиция қызғалдақтады тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлып алған жағдайда заңға сәйкес жазаланатынын ескертеді.
Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында қар көшкіні жүрді