Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. Таң атқалы бері Алматы қаласының аумағында екі рет жер тербелген болатын.
Үшінші жер сілкінісі Астана уақытымен 13 сағат 53 минутта болды.
"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.
Оның қуаты Нарынқол ауылында 2-3 балл болса, Кеген ауылында 2 балды құрады.
"Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", – делінген хабарламада.
Сейсмологтар Алматыда жер сілкіну ықтималдығы жөнінде болжам жасады
Алматыда тұрғындар жер сілкінгенін сезді