Тікелей эфир

Алматы көшелеріне Ермек Серкебаев пен Ескендір Хасанғалиевтің есімі беріледі

Сондай-ақ, қалада енді Толоконников пен Померанцев көшелері болады.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен және қалалық мәслихаттың шешімімен Алматының бірқатар көшелеріне белгілі өнер қайраткерлерінің есімі беріледі. 

Атап айтқанда, енді: 

  • Бостандық ауданы Юрий Гагарин даңғылының К. Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне – Ермек Серкебаев даңғылы;
  • Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне – Владимир Толоконников көшесі деп аталады.

Сонымен қатар, 

  • Түрксіб ауданы "Жас қанат" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Ескендір Хасанғалиевтің;
  • Бостандық ауданындағы атауы жоқ көшеге – Юрий Померанцевтің есімі беріледі. 

Оқи отырыңыз: Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші Кегеннің қай тұсына қойылады? Ауыл тұрғындарымен әңгіме


Құжаттардың жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқыға ұсынылған. 

"Алматы қаласының көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері – әнші Ермек Серкебаевтың, композитор Ескендір Хасанғалиевтің, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтің есімін беру туралы өтініштер түсті. Осыған байланысты, "Алматы қаласының көшелерін қайта атау және атау беру туралы" бірлескен Алматы қаласы мәслихаты шешімі мен Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді", – делінген Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің түсіндірме жазбасында. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары