Қаражат көлемі республикалық деңгейде қойылатын лимит шеңберінде нақтыланады.
Алматы қаласының әкімдігіне сыртқы қарыз алу құқығы беріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министі Әлібек Қуантыров мәжіліс кулуарында айтты.
"Агломерация аумағында орнықты инфрақұрылымды дамыту жобаларын қаржыландыру үшін Алматы қаласының әкімдігіне сыртқы қарыз алу құқығын беру көзделген. Бұрын қаланың ондай құқығы болмаған және бұл құқық тек Алматы қаласына беріледі", – деді Әлібек Қуантыров.
Министр қаржыландыру республикалық деңгейде қойылатын лимит шеңберінде нақтыланатынын айтты.
"Тартылған қаржы қаланың тұрақты дамуына арналған жобаларға, мысалы, жасыл экономикаға, таза энергияда жүретін автобус паркін жаңарту сияқты жобаларға жіберіледі", – деді министр.
Сондай-ақ министр қаржыландыру тек ұлттық валютада тартылатынын, сол себепті валюта тәуекелдері төмендейтінін айтты.
Оқи отырыңыз: Қуантыров: Теңгенің құнсыздануы біздің экспорттаушыларға тиімді
Айта кетейік, мәжіліс "Агломерацияларды дамыту туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ірі қалалардағы халық санының өсуі көлік жүйесіне жүктемені арттырып, инфрақұрылым, әлеуметтік, өндірістік және басқа да нысандардың тапшылығын туғызады. Осыған орай, орталық қала мен оның маңындағы аймақ арасындағы функцияларды заңнамалық тұрғыдан бөлу қажеттілігі туындап отыр.
Заң жобасы қабылданғаннан кейін осы өлшемшарттарға сәйкес "агломерациялар" ретінде Алматы, Астана, Шымкент және тағы басқа облыс орталықтары да айқындалуы мүмкін.
"Алматының айналасындағы ауыл тұрғындары Алматыға ауруханаға, мектепке, тағы басқа мақсатта барады. Алматының донор ретінде ақшасы бар. Бірақ, ол Алматы облысына инвестиция сала алмайды. Себебі, бұған заңмен тыйым салынған. Ал Алматы облысында қаражат жетпеуі мүмкін. Агломерация туралы заң жобасы агломерация орталығының мүддесіне қарай, осындай әлеуметтік жобаларды қаржыландыруына мүмкіндік береді", – деп түсіндірді депутат Зәкіржан Күзиев.
Агломерацияларды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі әлі анықталған жоқ.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
273
-
0
-
1
-
-
2🏅 Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты
-
245
-
0
-
2
-
-
3✈️ Қазақстандықтарды қажылыққа апару бойынша әуе компаниялары арасында байқау жарияланды
-
214
-
0
-
0
-
-
4🏅Астаналық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды
-
194
-
0
-
2
-
-
5🏗 Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
193
-
0
-
0
-
-
6⛔️ Астана – Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды
-
195
-
0
-
0
-
-
7🚫 Қазақстанда жеке құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынады
-
198
-
1
-
0
-
-
8📚 Сауд Арабиясы Қазақстанға 50 мың Құран кітабын сыйға берді
-
180
-
1
-
3
-
-
9💸 Астана мен Алматыдан да қымбат: Оралда жолақы бірден 40 теңгеге қымбаттайды
-
175
-
1
-
3
-