Тікелей эфир

Алматы хостеліндегі өрт: ТЖМ басшысы өрттің ықтимал себептерін атады

Тергеу әлі жалғасуда.

Өткен жылдың қараша айында Алматыдағы хостелде болған өрттің екі ықтимал себебін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.

Ол қазір тергеу тобының жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Төтенше жағдайлар министрлігі өз нұсқаларын тергеу органдарына жолдады.


Оқи отырыңыз: Алматы хостеліндегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды


"Бірінші нұсқа – жарықтандыру құрылғысының қуат көзін қыздыру және одан әрі балқу нәтижесінде пайда болған қысқа тұйықталудың салдары. Екіншісі – төмен калориялы өрт көзі. Яғни, біреу темекі тұқылын лақтырған немесе сіріңке тастаған", – деді министр.

2023 жылдың 30 қарашасында сағат 5.30 шамасында Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт болды. 72 адамның 59-ы өз бетінше эвакуацияланса, 13-і мерт болды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Серіктестер жаңалықтары