Тікелей эфир

Алматы хостеліндегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тергеу "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша жүргізілуде.

Алматыдағы хостелде өрт шығуына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, өрт жертөле дәлізінде болған. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналдырылған.

Өрт фактісі бойынша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Жатақханадағы өрттің себептерін анықтау үшін министр Сырым Шәріпханов бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінен жедел топ жіберілді.


Оқи отырыңыз: Алматыда өрт болған хостел орналасқан ғимарат Халық банкіне тиесілі


30 қарашада сағат 5.30 шамасында Әди Шәріпов көшесіндегі жатақханада өрт шықты. 72 адамның 59-ы – өз бетінше эвакуацияланса, 13-і – қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары