Алдағы уақытта Қазақстанның ғылым саласына қатысты мәселелер қайта қаралады. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ғылым және жоғары білім форумында мәлімдеді.
Премьер-министрдің айтуынша, үкімет қазірдің өзінде ғылымды басқарудың жаңа моделіне көшуді бастаған.
"Биыл наурыз айында үкімет елімізде ғылым-білімді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады. Біздің алдымызда еліміздің ғылым саласын қайта қарау міндеті тұр. Бұл бағытта біз ғылымды басқарудың жаңа моделіне көшуді бастадық. Себебі мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыруда білім, ғылым саласының маңызы зор", – деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, ол ғылым мен жоғары білімді дамытудағы негізгі мақсат – халықтың өмір сүру сапасын арттыру екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Шетелде ғылыми тағылымдамадан қалай өтуге болады? Маңызды 15 сұраққа жауап